Заманаға

 

 

Кінәні біз қоймайық заманаға,

Замана көпке жұмақ таба алама.

Жаратқан бар ғаламды жалғыз тәңірім,

Кінәлі біз болармыз тағалаға.

 

Заманның әр кезінде нәубет болған,

Біреу кедей, біреу бай дәулет болған.

Ырыздық ертелі кеш ауысады,

Осылай жаратқаннан сәулет болған.

 

Ғалымдар білгендерін хаттап кеткен,

Қариялар Құран сөзін жаттап кеткен.

Зергерлер қол өнерін заттап кеткен,

Бәрі де болашаққа өмір үшін.

 

Еңбегін кейінгіге тастап кеткен,

Ұрпаққа бір ауыз сөз септегенім.

Адал болып дүниеден өт дегенім,

Жұғымды адал еңбек маңдай терің.

 

Тәңірім береке берсін жетпегенін.

Харамнан байлық қуып кетпегенің,

Тірлікте сен біреудің қақысын жеп,

Ол сенің шариғаттан шеттегенің.

Мақшарда қыл көпірден өтпегенің.

 

Жер ана жауын жауса көктегенің,

Тәңірім ризық шашып септегенің.

Болмайық сол тәңірге біз наразы,

Еңбек қылып жеткізейік жетпегенін.

 

Ақ пейіл адал жандар аз болады,

Ала аяқ қылығына мәз болады.

Аңызбен өміріңнен байқап тұрсақ,

Кейінгі ұрпақтарға наз болады.

 

Ғалымдар ғаділ жанды жақтап кеткен,

Момынды құдайы деп ақтап кеткен.

Шариғат табиғаттан сүзіп алып,

Асылын ұрпағына сақтап кеткен.

 

Харамдық істеме деп даттап кеткен,

Жауызға қарғыс сөзін оқтап кеткен.

Дүниеден ғибрат алып байқап жүрсең,

Осындай мысалы көп бізге жеткен.

 

Шариғат  табиғаттан екі шегім,

Мендағы ғаділдікті көксегенім.

Әркімнің жүрегінің назы қалсын,

Шыға ма топыраққа сеппегенің.

 

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *