Замана дәуір дейді. Бұл сөз адам баласының бастан кешкен, өткізген уақытын айтып отыр.Адам баласына замана ылғи бір қалыпта болмақ емес.Бірде молшылық, бірде жоқшылық, бірде таршылық, бірде қуаныш, бірде реніш. Осының бәрі табиғаттың заңы секілді қылып адам баласына Алланың әмірімен болып тұратын нәубет. Мысалы мен бұрынғы өткен қариялардың айтқан сөздерінен ойға түсіргенім. Өз көзіммен көріп бағалаған мысалдарымды парасаттап байқасам, сол көреген қариялардың айтқандары келеді. Кәриялардың айтуынша баяғы заманда төрелер дейді. Қызметкерлерді айтады тым тәкаппар, мен-меншіл болды дейді. Ол рас шет жағасын бала кезімде менде көрдім.Үкімет заманының өзінде ауылға бір қызмет істеп жүрген адам келгенде, қирап ұшып қарсы алып, аттан түсіріп, атын байлап құрметтеп. Кетерде атын жегіп, не қолтықтап отырғызып салады.Әрине бұл бұрыннан келе жатқан дәстүрдің жалғасы.Ол байлардан ғаділдік кетті дейді, жалшының еңбегін бағалап толық ақысын төлемейді,тек күн көріс қана жағдай жасайды деп талай адамдар айтатын. Сол заманда әйелдерді қатарға қоспай, алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық деп мақал айтатын.Ол дұрыс емес, неге десең қара күшке салсаң әрине еркек артық.Ақылға салсаң әйелдің ақылдысы көп, жоқты бар қылып, азды көп қылатын әйелдер бар. Оны ол заманда бағаламаған, қорлап мал не бұйым орнына саатқан. Сатып алған бай адамдар алпыстағы шалдар он бестегі қыздарды алған. Қанша аруларды теңіне қоспай малға сатып алып таз, соқыр, ақсақ бай балалары алған.Осындай зорлыққа шыдамаған арулар өзін өзі өлімге қиған жағдайлар болған. Енді осы надандықтың, зұлымдықтың заманы бітті.
Социализм заманы орнады дейік.1937 жылы халық жауы деген заң шығып, әлгі төрелерге Алланың зауалы келді, елдің игі жақсылары жойылып бітті.
1928 жылы кәмпеске болып байлардың малын сыпырып алды, өздерін жер аударды, көбі аштан өлді.Сол зааманда әйел теңдігі деген заң шығып олардың көзі ашылды. Әрине осының бәрі де Алланың әмірімен адам баласын бір-біріне жау қылып қойғаны. Бірінің ризығын қысқартып, біріне көбейтіп, бірін миқнаттап отырды. «Көп асқанға бір тосқан» деген мақал осы.
Не нәрсе асқынған уақытында, сондай артында зауалы болады, дәуірлеп кете бермейді. Не өзі зауалын тартады, не ұрпағы тартады.
Мысалы, Социализм заманы байлардың малын алғанымен қоймай жер аударып көзін жойды. Көбінің жазығы жоқ, жазығы байлылығы, аз төлесе де солар кедейді асырап келді.Олар сол заманның қараңғылығымен ұрықтанған адамдар.
Енді қожа молдаларды соттатып, жер аударды, олардың жазығы мұсылманша сауап ашты.Балаларды сүндеттеді, ислам дінінің дәстүрін орындады.
1937 жылы халық жауы деп соттап өлтірген адамдар, сол социализм заманын құруға көмек беріп ат салысқан адамдар.Соларды жазықсыз қаралады, жазықсыз өлтірді.Сол жазықсыз адамдардың көз жасы, михнат обалы келіп қарғыс ауып үкіметіміз құлады.
Социализм заманында әйелдер теңдік алдық деп ер адамды сыйламай, еріне билік айтқан әйелдер көп болды. Енді байқасаң ер адамдардың көбі маскүнем болып, оған қосыла әйелдер бұзылып кетті. Бұл Алланың адам баласына жіберіп тұрған зауалы. Адам баласы не көрсе де, бәрі алланың ісі деп риза болып, тәубә келтіріп отыру керек. «Әкеңе не істесең, алдыңа сол келеді» деген сол. Кешегі өткен социализм заманы оңды,бірақ оның қадірін білген адам аз,адам баласы тойғанын көтере алмайды.Зұлым адамдар дүниені бүлдірді теріс жолға салды,басшылар ұрлыққа кірісіп кетті, үкіметті талады.
Шалдар айтатын байлар бәлен мың малдары бола тұра,өздері ұры ұстап басқа байлардан мал ұрлатады дейді,сонда оның несіне жетпей жатыр.Ар
жағында ниеті бұзылып барады, Алла оны соған бастап тұр.Аяғы не болды өз малын кәмпескеде үкімет алды.
Социализм заманы 1957 жылға дейін жұрттың тоқтылық тонауы, аш жалаңаш, күн көріспен ғана келді.
Енді қазірге заманымыз бұның заңы оңды. Бірақ бұғанда бөгет жасап алға бастырмай бұрып тұрғандар бар.
Президенттің жарлығын орындамайды, үкіметті талан таражға салады.
Келешекте үкіметіміз түзеледі, Алла жәрдем береді, не нәрсе бір күнде бітпейді, уақыт керек.
Секен шешен