Жігіт көп бұл заманда серік бойдақ,
Уақыт өткен сайын құнын жоймақ.
Өзінің болашағын ойламайды,
Арақпен мәз болып жүр күнде тойлап.
Жиырма бес, отызында бала болып,
Істеген істері де шала болып.
Жеңілдік астыменен өтіп жатыр,
Телевизор қараумен жанын қорып.
Қырқылжың қырыққа келіп атанып жүр,
Арақпен тұсау кесер маталып жүр.
Бермесе Алла таупық болмайды екен,
Бұл күнде ібілістен бата алып жүр.
Қырықтан асып елуге келгені бар,
Шаңырақ құрмай өтуге сенгені бар.
Артында қалатұғын нәсілі жоқ,
Ұрпақсыз өтуіне көнгені бар.
Шал бойдақ атанады қартайғанда,
Масыл боп әке-шешеге жантайғаны.
Әке –шеше дағдыр келсе ол да кетер,
Сол күні өкінеді-ау марқайлана.
Ұқпайды әке-ананың өсиетін,
Арақтың артық көріп қасиетін.
Көп қуса не нәрсені зауалы бар,
Ібіліс торын құрар бас иетін.
Шаңырақ құрмас әдейі,
Бар арманы көмейі.
Азып кеткен адам көп,
Ақылдан болған кедейі.
Кінәлі бұған заман ба?
Әлде өздері надан ба?
Ұрпақтан арақ артық боп,
Тартқызады-ау сазаңды.
Қартайғанда өзінің,
Отбасы болса жаман ба?
Кіріптар болма біреуге,
Сүйеніш керек адамға.
Жалғыздың жолы тар болар,
Жүрген жері жар болар.
Кәрілік келіп қосылса,
Қайғыменен басы дал болар.
Секен шешен