Жас шәкірттерге

 

Барсаң биыл мектепке,

Қызғалдақ өсер көк шөпте.

Бақшада өскен раушангүл,

Бәйтерек болып өспекге.

 

Оқу — теңіз кемесі

Бар ғаламды шарлаған.

Білім кәусар бұлағын,

Ішеді оны барша адам.

 

Талпынып ұшқан балапан,

Әке мен туған анадан.

Өмір жолың өрнекті,

Дауалы көңіл қалаған.

 

Мектепте жақсы оқушы,

Ұстаздың тілін алғайсың,

Ата-ананды тындасаң,

Шыраққа ұшып самғайсың.

 

Мектептің есігін ашқаның

Өмірге қадам басқаның

Болашағы сендер өмірдің,

Жазарсың сен де бір дастан.

 

Әке мен шеше қорғаның,

Сен ұшқан ұя мен орданың.

Аялап сені ұшырды,

Туған айдай толғаның.

 

Ұяда өскен балапан,

Аялап баққан алақан,

Мектептен бастап өмірін,

Әлемді самғап тараған.

 

Өмірдің жолы осындай,

Жас шәкірт ұстаз досың-ай.

Әке мен шеше қызықтап,

Той думанда көңіл жәй.

 

Ұяңа келіп қонарсың,

Шаңырақ кұрып толарсың.

Өмірдің жолын жалғайтын,

Сен де ірге тас боларсың.

 

Баталы сөзім бағыңа,

Білім алар шағыңа.

Ғұмыр берсін жасаған,

Бастасын Алла ағына.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *