Түркістан кенде емес тарландарға,
Хикметпен ер жеткен заңғарларға!
Ат басын бұрған екен Көкшетауға,
Өр ұлы, қолын созып армандарға.
Хикметтен басталған өмір дастан,
Жалғасыпты Көкшеде көңіл жастан.
Сал-серілер мекені құт болады,
Жігітке білімі мен өнері асқан.
Саятшылық, мергендік ол да өнер,
Көктемеде аңшының мергені бол.
Көбік қарда қол мергені атанарсың,
Өрде озар әрқашан өнерлі ер.
Елу жаста жастықтың оты өшпеген,
Артта қалды бес асу мен бес белең.
Кемелдіктің басы дейді абыздар,
Қайта түлер, асыл болат, ақберен!
Азаматтық ардың ісі саналған,
Орындалсын ойыңдағы сан арман.
Айбарыңнан түссін дұшпан еңсесі,
Қүш-қуат ал, ұлы елің, далаңнан!