Дәстүрді тоздырдың-ау қара қазақ,
Бұл күнде атандыңдар шала қазақ.
Шашбауын басқалардың көтерем деп,
Сөйлеуге өз тілінді болдық олақ.
Қазағым орыс тілін үйреніпті-ау,
Сөйлеуге өз тілінен жиреніпті-ау.
Жұмақ-тамық екеуін қатар қойса,
Баруға жұмағына именіпті-ау.
Тірісінде өзі-өзін мазақ қылды,
Өлгенді молда домдап қазақ қылды,
Айтқаны шариғаттың рас болса,
Қазақтың о дүниесін тозақ қылды.
1.07.2006 жыл