Дүние таным

 

 

Дүниенің көрдік базарын,

Әркім қайтар  сапарын.

Не беріп мен не алдым,

Әркімнің бөліп назарын.

 

Келгеннен соң кету бар,

Көргеніңді айту бар.

Ала кетпей өзіңмен,

Білгеніңді хатқа сал.

 

Ғаділді іздеп таба алмай,

Сабырды күттім саяжай.

Мейірім рақым келмеді,

Жаутаңдадым баладай.

 

Шапағат шашып көрінді,

Әркімнің  көңілі бөлінді.

Күткені осы момынның,

Болсыншы енді сенімді.

 

Ғаділдік шығып елінен,

Межелі жерге жете алмас.

Даусы келіп алыстан,

Қыл көпірден өте алмас.

 

Барымта билеп заманды

Билер қорғап қарамды.

Алысқа даусың жете алмас,

Мәңгүрт қылды адамды.

 

Билікке әркім таласып,

Сайқал сөзбен жарасып.

Жұмағым бар деп айтады,

Халықты алдап жанасып.

 

Мейірім рақым аз екен,

Зұлымдар бұған қас екен,

Іші шаян сырты адам,

Дүниенің қасы екен.

 

Адалды арам билеп жүр,

Расты өтірік сүйреп жүр.

Ғаділдік сая таба алмай,

Сайқалдың ақылы күйлеп жүр.

 

Қайтар күнде жақын деп,

Базардың нарқын мақұл деп.

Тілің таза болған мен,

Ішіңді жу сабындап.

 

Мен көрген базар осылай,

Әркім қарар тосырқай

Пікірге пікір қайшы ғой,

Қосарың барма досым-ай.

 

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *