ГЕОРГИЙ ЛЕНТАСЫ ЖЕҢІСТІҢ  БЕЛГІСІ МЕ?

Георгий лентасының түп-тарихын білеміз бе? Украинадағы саяси шиеленіс кезінде Георгий лентасы сепаратизмнің басты белгісіне айналғаны рас па? Георгий лентасы соғыс ардагерлерінің атрибуты санала ма? Қазақ елі Қырымдағы жағдайдан сабақ алды ма? Осы сұрақтар төңірегінде ой жүгіртіп көрген едік.

Жыл сайын жеңіс күні қарсаңында «Жеңіс белгібауын» тарату науқаны басталады. Сары-қызыл қара жолақты белгібауды ардагерлерден, машиналардан, мекемелердің маңдайшасынан тағы басқа жерлерден көре бастаймыз. Алғаш рет 2005 жылы Ресейдің «Риа новости» ақпарат агенттігінің бастамасымен «Георгий лентасын» жеңістің 60 жылдығына тарату Ресейде қолға алынған еді. Бірақ, уақыт өте келе сары-қара жолақты белгібау саяси маңыз алып, ТМД мемлекеттеріне белсенді әрі мақсатты түрде таратыла бастады. 2008 жылы георгий лентасы әлемнің отыз елінде таратылды. Әлемдік саяси сарапшылар «колорадоқоңызы» атаған белгібауды Ресей империясының жандануымен байланыстырады.

Георгий лентасының шығу тарихына үңілсек. Белгібау XIX ғасырда пайда болды. 1806 жылы орыс армиясында Георгий марапат жалаулары енгізілді. Жалаудың басында Георгий кресті бейнеленіп, оның жоғарғы жағына қара және сары түсті Георгий лентасы байланды. 1878 жылдан бастапб ұл лента «Георгий лентасы» аталды. Тіпті, орыстарбұлбелгіні христиан дінінің сеніміне сәйкестендіріп, ең қасиетті медаль дәрежесіне дейін көтерді. Бұл орденмен 1917 жылға дейін әртүрлі шенділерді марапаттап келген. Соның ішінде, Орта Азияны жаулап алғандарды   осы орденмен марапаттаған. Бұл осы кезеңнен бастап, Патшалық Ресейдің рухын асқақтатар әскери ең жоғарғы наградаға айналды. Әрине, Ресей идеологиясына қызмет ететіндер георгий лентасын қанша тықпаласа да еркін ақпарат алып үйргенген көптеген Қазақстан азаматтары белгібауға шовинизм белгісі ретінде қарайды. Соңғы жылдары белсенді азаматтар бастамасымен  қара-қоңыр жолақты шүберектiң орнына қазақы нақыштағы лентаны «Жеңіс лентасына» айналдыру науқаны басталды. Белсенді азаматтардың бастамасына мемлекеттік мекемелерде қолдау көрсетіп келеді. Алғаш рет 2014 жылы ту түстес көгiлдiр, ұлттық ою-өрнек бедерленген лентаның үш мың данасын 8-9 мамыр күндері Астана қаласы әкімшілігі елордалықтарға таратты. Бірақ, әлі георгий лентасын мақтаныш ретінде, екінші дүниежүзілік соғыстың атрибуты ретінде тағып жүргендер бар. Лента мәселесінде әлі де оң мен солды бажайламаған адамдарға аңдамай жүріп өзге елдің идеологиясын насихаттаушыға айналып кетпеңіздер демекпіз!

Қыр баласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *