Ауылдас болған ағайын

Ауылдас болған ағайын,

Адалдық жолмен қалайын.

Өз назымды білдіріп,

Сіздерге сәлем жазайын.

 

Біреулер айтар өкпесін,

Біреулер айтар төкпесін.

Сараң болма, ағайын

Досың сыртта кетпесін.

 

Екі дүниелік дос болсын,

Көңілдерің қош болсың.

Бақыт, дәулет арнайтын,

Кеуделеріңе нұр толсын.

 

Ойдың түбін қазамыз,

Сөз өрнегін жазамыз.

Азайған сайын құрбылар,

Кетеді-ау, шіркін, мазамыз.

 

Сағынып та көрдік қой,

Сарғайып та көрдік қой.

Ой өрісін жинақтап,

Сөз түйінін тердік қой.

 

Жер шетіне келдік қой,

Өмірден мысал тердік қой.

Керуен-өмір жалғасы

Кейінге жол бердік қой.

 

Өмірдің жолы саяхат,

Өлшеулі риыздық қанағат.

Адапдық жол мен өтейік,

Мұсылман қауым жамағат.

 

Ағайын-ау, ағайын!

Достықпен өтсің маңайын.

Білгенше айтып мейрімді,

Ірге тасын қалайын.

 

Замандас-ау, кұрбылар,

Өмірден өтер күн туар.

Білгеніңді айтып кет

Кейінгі ұрпақ жыр қылар.

 

Кәріліктің төріне келдік қой,

Ұрпақтарға сендік қой,

Шырағыңды сенің сөндірмес,

Тілек айтып сөзбенен,

Тілге теңдік бердік қой!

13.06.2005 жыл

Секен шешен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *