Анама барып қайттым зиярат етіп,
Дұға оқып рухына құрмет етіп.
Бір аунап жан анашым қалды ме екен,
Перзенттік борышыма сауап етіп.
Аруағы риза болар барғаныма,
Алданбай бұл дүниенің жалғанына.
Артыңда қалғандардан дұға болсын,
Бақиға мәңгі бақи барғаныңа.
Парыз деп дұғамызды үміт етіп,
Артында қалған ұрпақ үміт етіп.
Еске алып аруақтарға дәм берейік,
Молладан Құран кәрім хатым етіп.
Көпшілік қол жаяды қабыл етіп,
Ұрпаққа үлгі өнеге мирас етіп.
Аруақты еске алғаның бәрі сауап,
Ойлашы осы арасын сабыр етіп.
Әрқилы басымыздан заман өтіп,
Дүниеден жақсыменен жаман өтіп.
Аруақты ешқашанда ұмытпашы,
Махшарда ұялмасқа сенім етіп.
Адамға ыстық екен ана деген,
Бауыр ет анасына бала деген.
Сақайып сен ер жетіп кетсеңдағы,
Сол мейір бір-бірінде қалады екен.
Ана борышы балаға ауыр дейді,
Артта қалсаң ұрпағың тәуір дейді.
Еске алып дұға қылып садақа бер,
Аруақты ұмытпаған тәуір дейді.
Махшарда сол анадан ұялмасқа,
Сенің борышың дұғаңнан тастамасқа.
Аруаққа бергеніңді шығынсынба,
Сау да бер садақаны әуел баста.
Адамның баға жетпес анасына,
Тәңірім нұрын құйған санасына.
Армансыз ешкімді Алла жаратпаған,
Тағдыр келсе ажырап қаласыңда.
Әркімнің өзі туған һауа анасы,
Әр түрлі нәубеті бар заманасы.
Жүрегін бір-біріне іңкәр қылған,
Жаратқан бар ғаламды бір Алласы.
10.06.1998ж
Секен шешен