Әр дәптерді жіппен тігіп бекіту әдісі – әр дәптердің бүгілген түбінен жіппен тігіліп, әрі қарай осы дәптер келесі дәптерлермен осы жіппен бекітіліп, басылым бумасын құрайды. Бұл бекіту әдісінде түптеу материалын қолдануға да, қолданбауға да болады. Жіппен тігу дәптерлердің бүгілген тұсының үстінен сыммен қапсыра бекітетін әдісі сияқты, сымның орнына жіппен де тігіле береді. Бұл жағдайда жіп тігісі бүкіл буманы тесіп өтеді.