Әктелген баспахана қағазы

Әктелген баспахана қағазы – мұның сыртқы бетіне минералдық әк пигмент пен желімдейтін заттың қоспасының жұқа қабаты жағылады. Бұл үшін күкірт қышқылды барий, каолин, және тағы сондай-ақ түсі басқа да минералдық заттар: гипс, бор, қос тотықты титан қолданылады. Желімдейтін заттар ретінде желатин, казеин, крахмалдық клейстер пайдаланылады. Бейнелік және иллюстрациялы басылымдарды баспаханалық тәсілмен бір бояудың немесе көп бояулап басып шығару үшін пайдаланады. О, А, Б және В төрт маркасы шығарылады. О және А маркалы қағаз целлюзадан негізі бар қағазда даярланады: қалған маркалары сүрек массаларының түрлі қоспаларымен аралас келеді. Беттерінің ені – 60, 70 және 84 сантиметр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *