Басылым түрлері

Басылым түрлері:

беймерзімді басылым: шығғарылатын уақыты тұрақты емес, жалғасымдылығы қажетті материалдардың жиналуына байланысты, мазмұны қайталанбайтын, біртекті безені, ортақ атауы бар реттік саны міндетті түрде көрсетілетін басылым түрі.

жалқы немесе дара басылым: ішінде жеке автордың бір ғана шығармасы бар басылым; мысалы, М.Әуезов «Абай жолы».

жинақ немесе топтама: бір автордың бірнеше шығармасы немесе бірнеше автордың тектес туындылары жинақталған, топтастырылған басылым.

карта: бір беттің көлемін толық қамтыған карта бейнеленген жеке парақтық басылым.

картография: табиғат пен қоғам нысандарының кеңістіктегі орналасуын, үйлесімділігі мен байланысымдылығынбелгілі бір жазықтықта құрылымдау, бейнелеу, зерттеу туралы ғылым. Римнің жол картасының бір бөлігі картада Рим империясының Британиядан Индияға дейінгі жолдары көрсетілген.

картографиялық басылым: көлемінің басым бөлігі картажазындық туындылардан құралған басылым.

сериалды басылым: атауы бір, жалғасымдылығы алдын ала белгіленбеген, әдетте нөмірленген немесе мезгілі мен мерзімі көрсетілген, болмаса ортақ айдары тұрақты, белгілі бір уақыт ішінде жарық көрген басылым. «Отырар кітапханасы», «Алтын қалам» , « Жұлдыздар отбасы» т.б.

карта-сызба: карта мазмұнының қысқартылған, жинақталған элементтері бейнеленген парақтық басылым.

ноталық басылым: көлемінің басым бөлігі жеке музыкалық шығарманың немесе бірнеше шығарманың ноталық жазылымдарына арналған басылым.

суретті басылым: көлемінің басым бөлігі сурет туындыллары болып келетін бсылым.

фотоальбом: арнайы әзірленген немесе мұрағаттардан, болмаса басқа басылымдардан алынған фотобейнелер топтастырылған басылым.

көркем альбом.бейнелеу өнері туындыларының қайта өнімдері немесе автордың төлтума шығармаларының төлнұсқалары енген басылым.

атлас: оқу немесе тәжірибе ісіне арналған сан алуан нысандардың суреттері мен бейнелері жинақталған альбом.

бейнелі айпара: бір жақ бетінде бейне бар, ал екінші жағында сол бейннелерге түсінік беретін мәтін болады, ашық жері хат жазуға, мекен-жай көрсетуге арналады.

бейнелі плакат: мәтінсіз, кейде түсінік беретін мәтіні, белгілі бір тақырыпқа арналған, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар сурет, фото, монтаж салынған басылым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *