Басылым – баспаханада тасқа басылып, жарық көрген, бұқараның игілігіне ұсынылған баспалық-полиграафиялық өнім түрлері. Сондай-ақ, нақтырақ айтсақ, басылым деп:
а) шығарылым мәліметтері көрсетілген;
ә) полиграфиялық талаптарға сай безендірілген;
б) редкциялық һәм баспалық өңдеуден өткен;
в) басу мен батыру жолдарымен шығарылған;
г) берілген ақпараттарды бұқараға таратуға арналған;
ғ) басылған ақпараттары заңды тыйым салынбаған әрі мемлекеттік мүддеге қайшы емес баспа-полтграфиялық өнімді айтамыз.