Басудан кейінгі өңдеу үдерістері – басылу өнімдерін дайындаудың соңғы кезеңі болып есептеледі. Парақты өнімдерден басқа барлық басу өнімдері – кесу, бүктемелеу, перфорациялау, із салу парақтарды немесе дәптерлерді жинақтау, басылым блоктарын тігу немесе басқа әдістермен бекіту және тағы да басқа басудан кейінгі үдерістердің көптігі – көптеген технологиялар мен жабдықтарды қажет етеді.