Баспамен келісімшарт жасасу – автор мен баспа арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін келісімшарт. Онда қолжазбаның сапасы, баспаға тапсыру мерзімі, оның көлемі, еңбегі үшін алатын қаламақысы, тағы басқалар белгіленеді. Авторлық құқық жөніндегі Заң бойынша типтік шарт жобасы болуы көзделген.