Қайнар:
Менда осы ұлы дала ұланымын-оу,
Ерманов Жүрсін — деген қыраннын, қыранымын-ай.
Сол кісінің даусымен шақырғасын,
Ортаңа шабыттанып шығады ұлың.
Айтысқада шықпап ем біраз болды,
Қате болып жүрмесін бір əрібім.
Шықпадым деп несіне мұң шағайын,
Шықсын деп жəне бізді сұрады кім?
Жүкеңде аса қатты шақырмай жүр,
Өзімде бармай жүрген кінəлімін.
Мен қайта анда-санда көріп тұрам,
Хабарсыз кетті тіптті мынау ұлың.
Қысылып қымтырылып тұрмыз қазір,
Алдында қылыш тілді қырағының.
Сабаққа бармай жүрген екі оқушы,
Қалғандай тойда көріп угəй-ай мұғалімін-ай.
Мені мен бірге өткесін бала күні-оу,
Төрештің жүрегінде бар орыны.
Тай құлындай тебісіп бірге өскесін,
Бір жүріп армандаушы едік жоғарыны.
Арманшыл ақын, əнші бала Төкен,
Бұл күнде Төреғали Төреаліұлы.
Досым ау жеке кешің құтты болсын,
Біз үшін бақыт барма одан ірі.
Ботам ай саған кезек ұсынайын,
Ағып тұр екенсіңғой соғалыбы.
Сөйлесің сұлулардың төрешісі,
Жүрмейтін жүрегіне угəй-ай көп əмірі-ай.
Төреғали Төреəлі:
Осында отыр Міржақып, Мағжаным да,
Осында отыр Əйгерім, Тоғжаным да,
Қазақтың ұл қызының бəрі текті,
Жарайды тонғанына тон жабуға.
Елді көріп марқайып тұрғаным-ай,
Сағынған Қайнарымда оң жағымда.
Кешіме келгеніне көп рахмет,
Бір айтыс болады ау деп, болжадыңба?
Бауырым мен қазақтың жанындамын,
Сондықтан сенде менің бол жанымда.
Сақынадағы қос ақын,
Далаға шықса дос ақын,
Осында келген мен үшін
Досымда жоққой өш ақын.
Төрешің деген əнінде,
Атымды жырға қосатын.
Сүйем демей, сүй жаным деп,
Сүйгенін қыздың тосатын.
Бар ақын ғашық болғанда,
Шын сүйем десе жалғанда,
Еліктей ерке жандарға,
Іздеме деген осы ақын.
Жүрегің неге жылайды-ау,
Көңілің неден мұңайды?
Іздеме кемге шыққан деп,
Көп журналистер сұрайды.
Қайнардың өзі айтпаса,
Ойдан кім жауап құрайды.
Тақырып жоқ бұл айтыста,
Қалай айтқан ұнайды?
Халықтан асқан қазы жоқ,
Балл беріп кімдер сұрайды?
Ақындар уақыт — демейді Жүкеңде,
Ортада отса шырайлы.
Сіздерге қалай білмеймін,
Шабыт беретін сыңайлы.
Қарағай ағаш құласа,
Бұтақтары да құлайды-ау.
Қайнар Алакөзов:
Айтпаймын ел алдында,
Неге құнды ой-оу.
Сапалы əн өзіңнін,
Угəй-ай беделіңғой-ай.
Оның рас іздеме деген əнге,
Сөзбен көйлек кигізген мен едімғой.
Осыдан үш жыл бұрын отау құрғам,
Мəлімет керек болса беремінғой.
Гастрольде жүргенде келіншегім,
Көп аса іздемесін
Угəй-ай дегенімғой-ай.
Ақындық ақ Төрештің,
Құты тұғын-оу.
Əке қаны ол ана,
Сүті тұғын.
Аузыңның дуасы бар бауырымсың,
Əр сөздің бақылайтың жіті түбін.
Уақыт алмай орныма жайғасайын,
Қасында ұзақ тұрмай ТТТ-ның.
Бауырым барған сайын
Бағын жансың,
Бет аулақ бəле жала
Угəй-ай ДТП-ның ай.
Ақ Төрешім-оу,
Ақ Төрешім-оу,
Өнерде өз жолыңды,
Сап келің-ай.