Қуаныш Құрмабаев — осы кісі.
Қайнар мен Аян оның қос інісі.
«Елге болсын» дейтұғын ағам менің,
Ешкіммен жоқ таласы, бос ұрысы.
Аз емес жан-жағына жақсылығы,
Тағы бар тосын сыйлық, тосын ісі.
Ешқашан қалған емес бос ыдысы,
Кең болмай қайтсін оның сосын іші.
Қазаққа пайдасы бар неке боп тұр,
Қуаныш Қарлығаштың қосылысы.
Қайнар Алагөзов