Жиендерге

Жиенім ұрпағымды таратпайды,
Жасырып қол-аяғын санатпайды. 
Апамдай əп-əдемі кескініне,
Жездемдей қаралығы қаратпайды. 
Сезбейді оятса да келіп көктем,
Қарқыны қармен бірге еріп кеткен.
Апамдай шаршамайтын шамасы бар,
Жездемдей жалқаулығы жеңіп кеткен. 
Қой алды, жылқы жеді, кілем кетті,
Сонда да қайтармады бір еңбекті.
Апамдай қос қолының мырзалығын,
Жездемдей сараңдығы жібермепті. 
Жиенім, сені Құдай қонақты етсін. 
Бай болып қалтаңда ақша борап кетсін. 
Қыдырып біздің үйге келгеніңде,
Үйіңді жиендерің тонап кетсін!!!

Қайнар Алагөзов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *