Ей адамдар,тоқтаңдар қараңдар айналаға,
Не болып кеткенсіңдер?Ниетің пайда ғана.
Ағайын туысқанмен кездесіп тойда ғана,
Өтірік беттен сүйіп,өтірік аймалама.
Эээх қаланы қоя қойшы,сырласы айна ғана.
Сыр жұмбақ адамдары жүргендей айда дара.
Ауылда соған еріп бастапты-ау майдалана.
Көршіге көрші кірмей,тұрғандай айдалада.
Бәсеке бір-бірімен,әйтпесе бәйге ала ма?
Ағайын болайықшы арамдық ойдан ада!
Денеңді бос ұста да,көңілді лайлама да.
Аспанға,айға қара,қыр менен сайға қара,
Сағыныш деген сезім сендерге жай ғана ма?
Мынаумен аралас деп айтасың қай балаңа?
Өмірге бір келесің,тура жүр тайғанама.
Анамыз құрсағында 9-ай көтергенде,
Мақсатың байлық жинау,мансабың бай ғана ма?
Эх.
Қайнар Алагөзов