Бүгін бір бойдақ үйленіп жатыр

Бүгін бір бойдақ үйленіп жатыр
Үйленіп жатыр түк білмей!
Үйге қайтуды үйреніп жатыр,
Жас келіншегін күттірмей!

Қосылған едi сағынып жүріп!
Араға түспе, сайтан-ай !
Мен құсап бүгін тағы бiр жігіт,
Қуанып отыр байқамай!

Көрсетер бəрiн екi ел маңдай!
Жазды өткізбеңдер күзді аңсап!
Жiгiт біткеннің бөтені бардай
Арудың бəрi қызғаншақ!

Олардың тілі-Тірі шаяны,
Шақса да шаршап келгенде!
Досым-ау, үйдiң ыдыс-аяғы,
Сылдырмақ емес сендерге!

Қадірін түсін қадірлегеннің!
Қожайынысың оттың сен!
Құлдырамайсың жаным дегеннің,
Синонимдерін көп бiлсең!

Үйлену оңай, үй болу қиын!
Деген мақал да Өтiрiк!
Келіншегіңмен кейде бір жиын,
Жасасаң болды отырып.

Бата алып жүрмін босағалардан,
Ат алып жүрмін сөзіммен
Той қызық болу асабалардан,
Бақытты болу өзіңнен!

Тегін кел дейді нар асабаға
Кейбiр тiл емес, тiкендер!
Тегін барар ем, бала-шағама
Тегін НАН берсе дүкендер!

Біледі жарың білмейтініңді
Білгеніңді айтып жүрерсің!
Мен неге тегін жүрмейтінімді
1 жылға жетпей білерсің!

©Қайнар Алагөзов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *