Бағала сезiмiмдi, бағалама!
Бағасын түсiнесiң бара-бара.
Жаным-ау, менiң сенi сүйгенiмдей,
Баласын сүйе алады Ана ғана!
Жүрегi бар жан болса сүйдipe алам,
Жүз арудың сүйгенi мейлi маған.
Жаным-ау, менiң сенi сүйгенiмдей,
Туған жерiн сүймейдi кейбip адам!
Болғасын ба құшағын бес жұлдызды,
Тал-бесiктей ұйқымнан кеш тұрғызды!
Жаным-ау, менің сенi сүйгенiмдей,
Ешбip жiгiт cүймеген ешбip қызды
Кайнар Алагозов