Ақша деген

Ақша деген — бақша,
Көбейеді ексе.
Ақша деген — шақша,
Ләззаты бар тепсе.

Ақша деген — патша,
Жүрегіңе кірсе.
Ақша деген — лапша,
Құлағыңа ілсе.

Ақша деген — жақша,
Жолыңды ашып, жапса.
Ұйқасы жоқ басқа,
Жалғастырсын тапса…

Қайнар Алагөз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *