Аға десе ағадай

Аға десе ағадай,
Жыртылмайтын жағадай.
Дархандығы даладай,
Сырт-келбеті қаладай,
Өткірлігін сөз етсем,
Темір кескен арадай.
Қыңырлығы жəне бар,
Жазда тартқан шанадай.
Əсем үнмен əн салса,
Біржан менен Сарадай.
Ағаларға қолғанат,
Қолындағы баладай.
Інілерге қолғабыс,
Тайдырмайтын тағадай.
Бəрін айт та бірін айт,
ӨТЕГЕНОВ ЖАҢАБАЙ —
Керек бізге ауадай,
Дертімізге дауадай.

Қайнар Алагөзов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *