Қорлықты мына кiм көрген:
Алматы толы — үйсiздер.
Үйсiз де күйсiз жүргенмен
Ұрпақтың қамын үнсiз жер.
Кiргенi — кiсi есiгi,
Соңан да көңiл жайланар.
Сәбидiң сәмбi бесiгi
Тербелер бұрыш қайда бар?
Ол үшiн кiм бар қайғырған,
Алматы толы — жетiмдер.
Малдасын құрған маймылжан,
Торыңның маған шетiн бер!
Ұлықбек Есдәулет