БIЗ ӨТКЕНДЕ…

Бiз өткенде жылама да жоқтама,

«Ақын едi!» — десең, — жетер жоқ баға.

Күнәмiздi Құдай өзi кешiрер,

Кешпей жатса ара түсiп, ақтама.

 

Бөлеу артық үлде менен бүлдеге,

Керегi жоқ көмiп аза гүлге де.

«Ақын едi!» — дей сал,

айтсаң бiрдеңе,

Одан жылы сөз таппассың — үндеме.

 

Кетерi бар

Келдi деме несiне,

Көк аспаннан көп iздеме тесiле.

Жылама да, жоқтама да, ойлама…

Өзiмiз-ақ түсермiз бiз есiңе.

 

Зар емеспiз заңғар биiк мүсiнге,

Жыр оқысақ жарар кейде түсiңде.

Жылау,

жоқтау,

еске алу да,

бәрi бар

«Ақын едi!» — деген сөздiң iшiнде.

Ұлықбек Есдәулет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *