Ақыннан сағат сұрама,
өлшеулi ғұмыр кешпейдi ол,
Құдай да болсаң сынама,
Күнәсiн оның кешпей гөр.
Ақылсыз жүрек, дана ой,
Менсiнбес байлық, бақытты,
Тiрiлтер ақын ғана ңой,
Сендер өлтiрген уақытты.
өмiрi — өрт-ау, сiрә да,
өтедi ол таңды таңға ұрып,
Ақыннан сағат сұрама,
Уақыты оның мәңгiлiк…
Ұлықбек Есдәулет