ӘҢГҮДІК

ӘҢГҮДІК — мінездегі ұнамсыз, жағымсыз сипат. Ә. адамды, әдетте, даңғой, әулекі, әумесер деп те атайды. Оның мінез-құлқында аңқаулық, нанғыштық секілді сипаттар жиі кездеседі. Ә. ұрыншақ, елірме, әулекі сияқты мінездің ұнамсыз көріністерінен де байқалады.

Ә-тің бір көрінісі — әулекілік пен әумесерлік. Бұл адамды еліртіп, есіртіп әкететін алаңғасарлық, ұрыншақтық қасиет. Ә-тік сипат ерекшеліктерінің тағы бірі — аңқаулық пен нанғыштық. Аңқаулық — нанғыш, бейқам, қулығы жоқ мінездің қасиеттері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *