ӘҢГІМЕЛЕСУ

ӘҢГІМЕЛЕСУ — пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу — оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы

мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі — оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. 2. Психологиядағы әңгімелесу — белгілі жоспар бойынша, бақылауға алынған адамның ерекшеліктеріне, білімдеңгейіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар арқылы жүргізіледі. Зерттелінушіге күдік тудырмау үшін әңгімелесукөбіне жанама түрде ұйымдастырылып, оның жауабы жазылып алынады, кейін мұқият талданып, тиісті қорытындылар шығарылады. Әңгімелесу әдісі әлеуметтік медицина, бала психологиясы тағы басқа салаларда жиі қолданылады. Мұны “тәжірибеге кіріспе”, не “психотерапиялық әдіс” деп те атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *