ӘУБӘКІР АҚЫЛБАЙҰЛЫ

ӘУБӘКІР АҚЫЛБАЙҰЛЫ (1881, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Шыңғыстау мекені — 1934) — ақын, әнші-сазгер. Абайдың Ақылбайдан туған немересі. Кішкентайынан Абайдың туған інісі Оспанның әйелі Еркежанның бауырында өседі. Абай тәрбиесінде болады. Жастайыннан қисса, өлең- жырды жаттап, домбырада күй тартып, ән салған. Абайдың тапсырмасымен әзіл, мысқыл, әжуа, сықақ өлең шығару жолын берік ұстап, бірқатар сықақ өлеңдер жазған. 30-жылдар зобалаңы кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, соның салдарынан ауырып қайтыс болған. Ә. А. өлеңді қолма-қол суырып та, жазып та шығарған. Шығармаларында заманның келеңсіз құбылыстарын, әділетсіз билік жүргізушілердің пасық қылықтарын ащы мысқылмен аяусыз сынап отырған. Абай шығармаларын халық арасына таратуға көп еңбек сіңірген. Ә. А. тарихи тақырыптағы “Мамай батыр”, “Әнетбабаң”, “Ақтабан шұбырынды”, әлеум. мәселелерді арқау еткен “Оралбай мен Керімбала”, “Әреке мен Береке” дастандарын шығарған. Отызыншы жылдардағы ашаршылықтың ауыр көрінісін шебер бейнелеген “Шыңғыстау” поэмасын жазған. Халық арасында Ә. А-ның “Көкен қалқам”, “Әліпби”, “Әубәкірдің әні”, “Дариға” атты құлаққа жайлы, дауысқа жеңіл әндері жиі айтылады. Шығармалары ҚР ҒМ — ҒА Орт. ғыл. кітапханасы мен Семейдегі Абайдың респ. мұражай- қорығы қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *