ӘУБӘКІРОВ Мәлгәждар

ӘУБӘКІРОВ Мәлгәждар (5.5.1934, Алматы обл. Үйгентас ауд. Қызылжар а. — 1996, Алматы) — композитор, дирижер, проф. (1996), Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1995). Алматы мемл. консерваториясын бітірген (1955).

Қазақ теледидары мен радиосы жанындағы оркестрде (1951—53), Құрманғазы атынд. қазақ халық аспаптар оркестрінде (1953 — 55) домбырашы болды. Бухаресте (1953) және Мәскеуде (1957) өткен Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттер фестивальдарында өнер көрсетті. Құрманғазы атынд. қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері (1955 — 59), Жамбыл обл. халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі (1959 — 61), Монғолияның Баян-Өлгий аймақтық муз. драма театрының кеңесші- дирижері (1965 — 69) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Алматы мемл. консерваториясының кафедра меңгерушісі. Ә-тің оркестрге арналған “Көңілді жастар”, “Құрман баба… 175”, “Тасқын”, “Жас қанат” увертюралары, жеке домбыраға арналған 4 бөлімді “Сюита”, “Талас”, “Сарытөбе”, қобызға арналған “Қарақат”, “Бала гүлім”, “Үш кезең”, “Қазақ биі”, “Сағыныш” күйлері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *