ӘУБӘКІРОВ Жақия (Яқия) Әубәкірұлы

ӘУБӘКІРОВ Жақия (Яқия) Әубәкірұлы (1925 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд. Ақтөбе а.) — ғалым. Экон. ғыл. докт. (1972), проф. (1973), Қазақстан ҒА-ның акад. (1989). Қазақстанның еңб. сің. жоғары мектеп қайраткері (1970). Омбы пед. уч-щесін (1941), Қарағанды мұғалімдер ин-тын (1942), Омбы мемл. ун-тін (1949) бітірген. ҚазМУ-да аспирант, ассистент, оқытушы, оқу ісі бойынша проректор және кафедра меңгерушісі (1949 — 63 ж. және 1967 жылдан бері). Алматы халық ш. ин-тында (қазіргі Қазақ мемлекеттік Басқару академиясында) профессор, кафедра меңгерушісі (1963 — 72) болды. Негізгі ғыл. еңбектері Қазақстанның а.ш-нда экон. заңдарды пайдалану, әлеум.- экон. өзгерістер, мемл. меншік пен жекешелендіру проблемаларын зерттеуге арналған. АҚШ, Англия, Ресей, Болгария, Венгрия, Мексика мемл- терінде ғыл. баяндамалар жасап, конференциялар мен симпозиумдарға қатысқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *