ӘСІРЕЛЕУ, гипербола

ӘСІРЕЛЕУ, гипербола — (грекше һурегһоіе — күшейту) — әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Ә. — әдеби тілдің көркемдігін ғана емес, бейнелілігін, әсерлілігін арттырып, құбылтудың бір түрі. Көне эпостық жырларда, фольклорлық туындыларда жиі кездеседі. Мыс., “Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар” (мақал), “Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп…” (“Қобыланды батыр”). Ә. ақын-жыршылар шығармаларында да жиі қолданылған. “Аққан жасы сел болған, Етегі толып, көл болған…” (Дулат). “Балығытайдай тулаған, Бақсы қойдай шулаған, Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, Балығы көлге жылқы жаптырмас” (Қазтуған жырау) сынды ай- шықты шумақтар — осының айғағы. Ә. жазба ақындар шығармашылығында да қолданылады, бірақ оның сапасы, жасалу түрлері басқаша болып келеді және ауыз әдебиетіндегідейжиі кездесе бермейді. Мыс.: С. Торайғыров: “Қараңғы қазақкөгіне, Өрмелеп шығып күн болам!” — десе, Т. Жароков: “Қарынды қағып — су қылдым, Суынды сілкіп — бу қылдым. Түтініңмен таң атқыздым, Жеріме жұлдыз жаққыздым…”. деп жырлайды. Осының екеуінде де Ә. бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *