ӘСПЕТОВА Гүлжан (Күлжахан)

ӘСПЕТОВА Гүлжан (Күлжахан) (28.5.1946 ж.т., Жамбыл обл. Мерке а.) — актриса, Қазақстанның халық арт. (1993). Алматы консерваториясының актерлік бөлімін бітірген (1967). Сол жылы М. Әуезов атынд. Қазақ драма театрына қабылданды. Театрдағы алғашқы қомақты рөлі — М. Әуезовтың “Қарагөз ” трагедиясындағы Қарагөз. Содан бері лирик.-драмалы қалыптағы біраз бейнелерді сахнаға шығарды. Олардың ішінде Еңлік, Құртқа (Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Қарақыпшақ Қобыландысында”) Жәмилә (Қ. Мұхаметжановтың “Бөлтірік бөрік астындасында ”), Мақпал (Қ. Мұқашевтың “Дала балладасында”), Анар (О. Бөкеевтің “Құлыным меніңінде” ), Бәтимә ханым (Т. Ахтановтың “Антында ”), Мехменбану (Н. Хикметтің “Фархад — Шырынында”), Электра (Л. Дюрконың “Электрасында”), Иокас та (Софоклдың “Эдип патшасында”), Найман-Ана (Ш. Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күнінде”), т.б. бейнелер бар. 1993 жылдан бастап Алматы Театр және кино ин-тында сахна тілінен сабақ береді. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *