ӘСКЕРИ ҚҰРАМА

ӘСКЕРИ ҚҰРАМА —  мемлекеттің Қарулы Күштеріндегі ірі тактикалық бөліктердің жалпы атауы. Әскери құрамалар тұрақты және уақытша, ал құрамы мен атқаратын міндетіне қарай шұғыл, шұғыл-тактикалық және тактикалық міндеттерді атқаруға арналған, сондай-ақ жалпыәскери және арнаулы (авиациялық, артиллериялық, танктік тағы басқа) түрлерге бөлінеді. Қазақстанның Қарулы Күштері құрылымында әскери құрамалардың бригада, дивизия, корпус тәрізді қазіргі заманғы қалыптасқан түрлері бар. Бригада — бірнеше әскери бөлімдерден құралған, полктан үлкен, дивизиядан кіші құрама. Дивизия — полктардан немесе жеке батальондардан құралатын негізгі тактикалық құрама. 18 ғасырдың бас кезінде пайда болды. Корпус — ең жоғары тактикалық құрама екінші дүниежүзілік соғыс кезінде армиялық, атқыштар, механикалық, танк, атты әскер және тағы басқа корпустар, кейде су үсті эскадрилиялары, корабльдер шұғыл-тактикалық әскери құрамаға кірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *