ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ

ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ — әскери өнері мен жауынгерлік даярлық мәселелерін зерттейтін ғылымдар. Жалпы әскери істі, жүріп жатқан немесе болуы мүмкін соғыстың әскери-стратегиялық сипаты мен заңдылықтарын, соғысушы немесе соғысуы мүмкін қарсылас жақтардың мақсатын, әскери күш-қуатын, құрамын, әскери-техникалық, саяси-моральдық ахуалы мен соғыс жүргізу тәсілдерін тағы басқа әскери мәселелерді зерттейді. Ол, сондай-ақ, Қарулы Күштер құрылымының теориялық негіздері мен тәжірибесін қалыптастырады, соғыс өнерінің даму бағдарын анықтайды, Қарулы Күштер түрлері әскери іс-қимылдарының мейлінше тиімді әдістері мен формаларын іздестіреді және олардың жан-жақты қамтамасыз етілу мәселелерін қарастырады. Саяси мақсат-мүдделерге байланысты қарсыласқа айналуы ықтимал жақтың және өз Қарулы Күштері мен одақтастарының әскери күш-қуатын, ғылыми-техника жетістіктері мен экономика мүмкіндіктерін сараптайды. Қазіргі әскери ғылымның негізгі құрамдас бөліктері мыналар болып табылады: ұрыс қимылдарын жүргізудің, әскери техникаларды қолданудың теориясы мен іс-тәжірибесін қамтитын әскери өнері(тактика, стратегия тағы басқа); қарулы күштердің ұйымдастырылуы және азаматтардың әскери даярлығы мәселелерімен шұғылданатынәскери құрылыс теориясы; Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамын әскери оқыту-үйрету және тәрбиелеу теориясы (әскери педагогика, әскери психология); Қарулы Күштерді материалдық-техника жағынан жабдықтау және қаржымен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын әскери экономика теориясы; соғыстар мен соғыс өнерінің тарихын зерттейтін әскери тарих; әскери іс-әрекеттер аймағы, кейбір елдердің географиялық орналасу ерекшеліктерінің соғыс қимылдарын жүргізудегі маңызын, әскери топографиямәселелерімен шұғылданатын әскери география; әскери қызметшілер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, соғыста жараланған және ауырған адамдарға көмек беру, Қарулы Күштерді медицинажабдықтау және оның жауынгерлік құрамына медициналық жәрдем беру ісін ұйымдастыру, әскери денсаулық сақтау саласының теориясы мен іс-тәжірбиелерін зерттеу және жетілдіру ісімен айналысатын әскери медицина; әскери іс-қимылдардың демографиялық дамуға қатысты мәселелерін қарастыратын әскери демография және тағы басқа әскери ғылымның жетістіктері мемлекеттік әскери доктринасынжасау барысында пайдаланылады. Қазақ халқының дәстүрлі әскери өнерінен және қазіргі заманғы отандық қолбасшылар мен ғалымдар (қ.Бауыржан Момышұлы, Л.Қ. Бақаев) еңбектерінен бастау алатын қазақ отандық төл әскери ғылым 20 ғасырдың ақырында ғана қалыптаса бастады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *