ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ — жауынгерлердің әскери қызметін өтеуге қажетті қасиеттерінқалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына төзіп, дұшпанды жеңіп шығуға дайындығын, қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ету үрдісі. ҚР-ның Қарулы Күштерінде Ә.п.т. жауынгерлердің бойына жоғары адамгершілік-жауынгерлік қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге бағытталған. Ол ҚР Конституциясының, Президенттің — ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысының әскери мәселелер жөніндегі шешімдерінің, Әскери Ант пен Әскери жарғы талаптарының негізінде жүзеге асады. Ә. п. т-нің мән-мазмұны өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *