ӘСКЕРИ ОКРУГ

ӘСКЕРИ ОКРУГ — әскери әкімшілік-аумақтық бөлік. Оның құрамына әскери құрамалар, әскери бөлімдер, әскери оқу орындары және әр түрлі жергілікті әскери мекемелер біріктіріледі. Ел территориясын әскери округтарға болу Қарулы Күштердің құрылымын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады. Әскери округтар, әдетте, шекараға жақын жерде, сондай-ақ ішкі аймақтарда да құрылады. Олар негізінен басқармалары орналасқан қала атымен немесе жергілікті жер атауымен аталады, ал кейде нөмірленеді. 1983-89 ж. КСРО-да 16 әскери округ болды. Оларға әскери округ қолбасшылары басшылық етті. Соның бірі — Орта Азия әскери округі негізінде ҚР-ның ҚК құрылды (1992).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *