ӘСКЕРИ МАРАПАТТАР

ӘСКЕРИ МАРАПАТТАР,әскери наградалар әскери қызметшілер, әскери бөлімдер (кемелер), құрамалар, бірлестіктер, әскери оқу орындары және әскери мекемелерге бейбітшілік кезінде сіңірген ерекше қызметтері немесе соғыс уақытындағы ерлік істері үшін берілетін мемл. ордендер, медальдар т.б. сый-сиапаттық белгілер. Ертеде әскери ерліктер үшін алтын және күміс білезіктер, сақина, мойынға тағатын алқа және бойтұмарлар, медаль теңгелер берілген. 14-16 ғ. көптеген мемлекеттерде ордендер мен медальдар жасала бастады. ҚР-ның негізгі Әскери марапаттары 1995 ж. бекітілді. Олар «Айбын», «Даңқ» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі т.б. әскери марапаттарға сонымен бірге ескерткіш тулар, мерейтойлық құрметті белгілер, ҚР Қорғаныс және ІІМ ауыспалы байрағы, бәсіре қару, омыраулық белгілер, құрмет грамоталары мен дипломдар, т.б. жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *