ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ

ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ — әскери құрамалардың, бөлімшелердің, басқару органдарының және арнаулы әскерлердің жауынгерлік дайындықтарын тексерудің негізгі тәсілі. Әскер түрлерінің әзірлігін, ұрыс жүргізу және басқару, өзара байланыса қимыл жасау тәсілдерін байқау және жетілдіру мақсатын көздейді.Әскери жаттығу ауқымына байланысты стратегиялық (шұғыл-стратегиялық) әскери жаттығу, шұғыл (шұғыл-тактикaлық) әскери жаттығу және тактикалық әскери жаттығу; мақсатына қарай тексерістік әскери жаттығу, зерттемелік әскери жаттығу, тәжірибелік әскери жаттығу; жаттығушылар құрамына байланысты командалық-штабтық әскери жаттығу және жалпыәскерлік әскери жаттығу; ұйымдастырылуына байланысты бір сатылы әскери жаттығу, екі сатылы әскери жаттығу, көп сатылы әскери жаттығу тағы басқа болып бөлінеді. Сондай-ақ Қарулы Күштерде арнайы тапсырмалар жүктелетін арнаулы әскери жаттығулар өткізіледі. Мысалы, мотоатқыштар мен танк әскерлері жалпы әскери-тактикалық әскери жаттығу, ракеталық және артиллерия әскерлері атыстық әскери жаттығу, Әскери-әуе күштері (ӘӘК) ұшу-тактикалық және авиациялық әскери жаттығу, Әскери-Теңіз Флоты (ӘТФ) жалпы, жеке, кемелік және тағы басқа әскери жаттығулар өткізеді. Әрбір әскери жаттығу соңында талдау жасалады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *