ӘСКЕРИ ЖАРҒЫ

ӘСКЕРИ ЖАРҒЫ — әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға тиіс заң болып табылады Арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы. (ішкі қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және қарауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді. Жалпыәскерлік әскери жарғылар Қарулы Күштер түрлерінің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *