ӘСКЕРИ ДОКТРИНА

ӘСКЕРИ ДОКТРИНА — мемлекеттің саяси басқару органдары тарапынан қабылданатын, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайық Қарулы Күштердің си- паты мен міндеттерін айқындайтын тұжырымдама.
Ә. д-ның негізгі қағидалары елдің саяси-әлеум., экон. құрылымына, өндіріс деңгейіне, соғысу құралдарының даярлығына, геогр. жағдайына байланысты болады, әрі мемл-тің ішкі және сыртқы саясатынан туындайды. Ә. д- ның бір-бірімен тығыз байланысты, өзара қатысты екі — с а я с и және ә с к е р и — т е х . жағы бар. Жетекші рөл атқаратын саяси жағы мемл- тің қарулы қақтығыстарға, соғыс атаулыға, әскери күшті пайдалануға көзқарасын білдіреді. Сонымен қатар әскери қатердің ықтимал көздері, қорғаныс саласындағы мемл- тің саяси принциптері мен міндеттері, соғыстың саяси принциптері мен міндеттері, ықтимал соғыстың мақсаты мен сипаты, оның Қарулы Күштерді жасақтап, елді соғысқа әзірлеу ісіне тигізетін ықпалы да Ә. д-ның саяси жағы болып табылады. Ал оның әскери-техн. жағы соғыс жүргізу тәсілдеріне, әскери құрылысқа, әскери қауіпсіздікті экон. тұрғыдан қамтамасыз етуге, Қарулы Күштерді тех. жарақтандыруға және олардың әскери дайындықтарын шындауға қатысты мәселелерді қамтиды. Ә. Д- мемл- те салтанат құрған идеология мен саясатқа, әскери ғылымның тұжырымдары мен қағидаларына және оның маңызды құрамдас бөлігі — соғыс өнері теориясына сүйене отырып дамиды.
ҚР-ның 1993 ж. 11 ақпанда қабылданған Ә. д-сы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол — соғысты, әскери жанжалдарды болдырмауға, әскери құрылысты өркендетуге, болуы ықтимал агрессияға тойтарыс беруге, елдің және оның Қарулы Күштерінің даярлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Отан қорғау жолындағы қарулы күресті жүргізу тәсілдеріне байланысты мемл-те ресми түрде қабылданған тұжырымдама.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *