ӘСКЕРИ ГУБЕРНАТОР

ӘСКЕРИ ГУБЕРНАТОР — Ресей империясында 1801 жылдан бастап кейбір шекаралық губернияларды басқару үшін тағайындалған әскери шені бар лауазым иесі. Әcкери губернатор жергілікті жердегі азаматтық және әскери істі басқарды. 19 ғасырдың 60 — 80 жылдары Қазақстанда құрылған. Дала генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу, Сырдария облыстарын, Орынбор генерал-губернаторлығының құрамындағы Орал, Торғай облыстарын әcкери губернатор басқарды. Олар қазақ жеріндегі империялық саясатты тікелей іске асырушы, шексіз билік иелері болды. Ресей мүддесін қорғай отырып, Қазақстанды отарлауды жүзеге асырды, халық наразылықтарын аяусыз басып-жаншыды. 1917 жылғыАқпан төңкерісінен кейін әcкери губернатор қызметі жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *