ӘСКЕРИ БӨЛІМ

ӘСКЕРИ БӨЛІМ — мемлекеттің Қарулы Күштерінің, салыстырмалы түрде, шағын әскери және әкімшілік-шаруашылық бөлігі. Оған барлық полктар, 1-, 2- және 3-дәрежелі кемелер, полк құрамына кірмейтін жеке батальондар (дивизион, эскадрилия), батальон мен полктардың құрамына кірмейтін жеке роталар жатады. Ә. б-нің аты, нөмірі, туы болады. Сондай-ақ құрметті атақтары, мемл. марапаттары және шартты атаулары болуы мүмкін. Полктарға, жеке батальондарға, жеке дивизиондарға, жеке эскадрияларға Әскери Ту (арнайы тізімде көрсетілгеннен басқа), ал Әскери-Теңіз Флоты корабльдеріне Әскери-Теңіз Туы тапсырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *