ӘСЕТ ПЕН КӘРІБАЙ АЙТЫСЫ — шамамен 1905 жылы Тарбағатай тауының түстік жағында өткен айтыс. Айтыс дәстүрлі екі ру ақындарының бұл айтыста жалпы адамгершілік, әділдік, жомарттық сияқты мәселелер айтылып үлкен тәрбиелік мәні бар деңгейге көтерілген. Сондықтан ол өткірлігімен, тілінің шұрайлылығымен, ой тереңдігімен ерекшеленетін көркем дүние ретінде қазақ әдебиетінің тарихына енді. Кәрібай ақын туралы толымды дерек жоқ. Бірақ Қаракерей тайпасынан екендігі, осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат маңында өмір сүргендігі белгілі. Айтыстың Қ. Шәменовтың, жазып алған нұсқасы “Айтыс” жинағында (1964, 1-т., 173 — 175-б.) жарияланған. Бір нұсқасын А. Қилыбаевтан ақын, журналист Қ.Алтынбаев жазып алған. Әсет шығармаларының жинағына (1988) Т. Жағыпаров (1929 жылы туған) нұсқасы енгізілген