ӘСЕРШІЛДІК

ӘСЕРШІЛДІК — адамның көңіл-күйінің тез толқып, сәл нәрселерге тез еліту қасиеті. Адам өзіне әсер еткен нәрселердің бәрін де қабылдап, оларды үнемі есінде сақтайды. Дүниенің әсемдігі мен жарасымдылығына әсерлену адамның көңілін толқытып, әр түрлі күйге түсіреді, әсем, сұлу сезімдерге жетелейді. Жан дүниесіне ұнамды әсер еткен заттар адамды шабыттандырып, ісінің өнімді және нәтижелі болуына оң ықпал жасайды. Әсершілдік адамның дүниені тек сезімдік түйсікпен ғана емес, ақыл-ой арқылы танып-білуіне, дүниетанымының кеңейе түсуіне де ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *