ӘСЕМ САЙРАУЫҚ

ӘСЕМ САЙРАУЫҚ (лат. Phylloscopus proregulus) – торғайтәрізділер отряды, сандуғаштар тұқымдасына жататын әдемі құс. Ол Сахалинді, Шығыс Сібірдіңоңтүстік бөлігі мен Солтүстік-Шығыс Алтайды, Қытайды, Гималай, Тибет, Гиндукуш таулары аралығын мекендейді. Қанатының ұзындығы 47 – 58 мм, салмағы 5 – 6 г. Арқасы, басы, тұмсығы, бауыры күрең, қоңыр жасыл, сарғыш түсті келеді, басының орта бөлігінен құйрығының ұшына дейін сары жолағы болады. Әсем сайрауық негізінен ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Әсем сайрауық – жыл құсы. Оңтүстік Қытай, Үндіқытай, Бирма және Солтүстік Үндістандақыстайды. Әсем сарықасты Алтай өңірінде «жылпылдақ торғай» деп те атайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *