ӘСЕЛ (Bellis)

ӘСЕЛ (Bellis) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда көп жылдық 2сел (B. perennіs) түрі ғана кездеседі. Ол бау-бақшаларда, саябақтарда, гүлзарларда өседі. Биіктiгi 10 — 15 см болады. Күрекше пішінді жапырақтары сабақ астына шоғырлана орналасқан. Жиектері ұсақ тілімделген. Гүлдері дара, кейде бірнешеу болады. Гүл жапырақшалары ақ немесе қызғылт түсті. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейтіледі. Әсел — жарық сүйгіш өсімдік. Ылғалды топырақта жақсы өседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *