ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК заңды тұлғаның немесе азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқыларды иеленуге және оны жүзеге асыруға, өзіне азаматтық міндеттер белгілеп, оларды орындауға қабілеттілігі. Азаматтық құқықта оны заңды тұлғаның, азаматтардың немесе жасөспірімдердің (14 жастан 18 жасқа дейін) Ә. қ-гіне бөледі. Аза- маттар толық Ә. қ-ке 18 жастан бастап ие болады. Егер 18- ге толмаған азамат некеге тұратын болса, неке мемл. хал- актілерін тіркейтін органда тіркелсе, онда ол азамат некеге тұрған кезден бастап Ә. қ-ке толықтай ие болады. Азаматтық заң қағидалары бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, азаматтардың Ә. қ-гіне шек қоюға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *