ӘПТИЕК — өткен ғасырларда ауыл мектептерінде қолданылған сауат ашу кітабының атауы, әліппе. Ә-ке әріптер мен араб тілі грамматикасының бастапқы ереже-қағидалары енгізілген. Оқыту әдісі күрделі болғандықтан Ә-ті түгел игеру өзге тілді шәкірттерге едәуір қиынға түсті. Оны тауысқандар Мұхтасар, Құран- кәрім, т.б. кітаптарды тереңірек оқуға кіріскен.